1. Кеңес және эскиз
Алдымен сіз бізге фото, эскиз немесе сипаттаманы жібересіз. Мысалы: «осындай сақина, бірақ сапфирмен» немесе «фотодағы алтын білезік сияқты». Шеберлер сізбен бірге дизайнды нақтылайды.
2. 3D модельдеу
Кәсіби дизайнерлер сіздің идеяңызды дәл 3D модельге айналдырады. Бұл кезеңде сіз бұйымды барлық қырынан көре аласыз және өзгерістер енгізе аласыз.
3. Бекіту және алдын ала төлем
3D моделді растаған соң, сіз 50% алдын ала төлем жасайсыз. Қалған сома дайын бұйымды алу кезінде төленеді.
4. Алтын құю мен жасау
Біздің шеберхана 3D модель бойынша алтынды дәл құяды. Содан кейін шебер тастарды бекітеді, бұйымды жылтыратады. Барлық кезеңде Сіз бақылауда боласыз.
5. Тапсыру және сертификат
Дайын бұйым мемлекеттік пробалану орталығынан өтеді және ресми сертификатпен бірге сізге беріледі. Кепілдік 12 ай.
«Идея өзіңізде — біз оны алтында жүзеге асырамыз»



